11.09.2026, 16:45
Оқылды: 7

Отбасы күні: «Әділет» партиясы көпбалалы отбасыларды құттықтады

Отбасы – қоғамның негізі, ал әр шаңырақтағы бала күлкісі мен ата-ананың еңбегі ел болашағына қосылған үлес. Осы орайда Отбасы күніне арналған республикалық акция аясында «Әділет» партиясы көпбалалы отбасыларға құрмет көрсетті.

image-11-09-26-04-07 (4)

Шыңғырлау ауданында өткен шараға «Әділет» партиясы аудандық филиалының төрағасы Азамат Тағаниязов, аудандық мәслихат депутаты Ақмарал Исанова, БҚО «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының мүшелері Светлана Байтенова мен Алмагүл Имашева қатысты. Партия өкілдері бірнеше отбасына барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.

Акция барысында үшемді дүниеге әкелген Ақбұлақ ауылдық округіндегі Асқаровтар және Шыңғырлау ауылдық округіндегі Нұрмұқановтар отбасыларына арнайы барып, қуаныштарына ортақтасты. Үш сәбидің дүниеге келуі ата-анаға үлкен бақытпен бірге зор жауапкершілік жүктейді.

Бұл отбасыларға құрмет көрсету арқылы бала тәрбиесінің маңызы мен көпбалалы шаңырақтарға қолдаудың қажеттілігі тағы бір мәрте атап өтілді.

Партия өкілдері көпбалалы Алипбаевтар отбасын да құттықтады. Берік Алипбаевтың жұбайы Жұлдыз Бекеева  «Алтын алқа» иегері.

Алипбаевтардың балалар грек-рим күресімен айналысып, спорт арқылы тәртіп пен табандылықты меңгеріп келеді. Бұл – ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынын көрсететін өнегелі үлгі.

Нұртазиндер отбасында да бала тәрбиесіне ерекше мән берілген. Дулат Нұртазиннің жұбайы Кубайдуллина Лаура – «Күміс алқа» иегері.

image-11-09-26-04-07 (3)

Отбасындағы балалар спортпен қатар терме класына қатысып, ұлттық өнерге ден қойып жүр. Мұндай тәрбие олардың дене шынықтыруымен бірге рухани дамуына да жол ашады.

Спорт пен өнердің қатар дамуы баланың жан-жақты қалыптасуына ықпал ететін маңызды бағыт. Мұндай отбасылардың өнегесі қоғамдағы тәрбие құндылықтарын нығайтуға үлгі болады.«Әділет» 

партиясының Отбасы күніне арналған акциясы мерекелік құттықтаумен ғана шектелген жоқ. Оның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету, ана еңбегін бағалау және балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі. Ал көпбалалы шаңырақ – бір әулеттің ғана емес, тұтас елдің демографиялық және рухани қуаты. Сондықтан осындай отбасыларға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау – барша қоғамның ортақ міндеті.

Бүгінгі акция барысында айтылған ақжолтай тілектер мен жылы лебіздер отбасыларға көрсетілген қарапайым қолдау ғана емес, ана еңбегіне, әке жауапкершілігіне, бала тәрбиесіне деген қоғамдық құрметтің белгісі болды.

Партия өкілдерінің отбасыларға арнайы барып, олардың тыныс-тіршілігімен танысуы – халықпен кері байланысты күшейтудің бір жолы. Мұндай кездесулер әлеуметтік мәселелерді жергілікті жерде зерделеуге, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік береді.

«Әділет» партиясы үшін халықпен бірге болу, азаматтардың мәселесіне назар аудару және әлеуметтік бастамаларды қолдау – маңызды бағыттардың бірі. Отбасы күніне орай ұйымдастырылған акция осы ұстанымның нақты көрінісі болды.

image-11-09-26-04-07 (5)

Берекелі отбасы берік қоғамның негізі. Ал көпбалалы отбасыларға көрсетілген құрмет пен қолдау елдің болашағына жасалған инвестиция. Әр шаңырақтағы бала күлкісі, ананың мейірімі мен ата-ананың еңбегі – Қазақстанның жарқын келешегінің кепілі.

 

Мөлдір Сәдір

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале