23.07.2026, 12:30
Оқылды: 25

Ақжайық ауданында жастармен және өңірлік кадр резерві резервистерімен кездесу өтті

Жастардың әлеуетін дамыту, мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру және кәсіби өсу мүмкіндіктерін таныстыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

WhatsApp Image 2026-07-23 at 13.22.36

Ақжайық ауданында мемлекеттік қызмет саласындағы мүмкіндіктерді түсіндіру және жастардың кәсіби дамуына қолдау көрсету мақсатында жастармен кездесу өтті.

WhatsApp Image 2026-07-23 at 13.22.35 (1)

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры С.Түменбаев, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары З.Мажитова қатысты.

Кездесуге өңірлік кадр резервінің резервистері, жастар белсенділері, жоғары GPA көрсеткішіне ие студенттер және ауданның дарынды жастары қатысты.

WhatsApp Image 2026-07-23 at 13.22.36 (1)

Кездесу барысында мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері, өңірлік кадр резервінің ерекшеліктері, меритократия қағидаты, кәсіби даму, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру және мемлекеттік басқару саласындағы заманауи тәсілдер талқыланды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов жастарға мемлекеттік қызметтің қоғам үшін маңызын түсіндіріп, кәсіби біліктілікті арттыру, бастамаларды жүзеге асыру және азаматтық жауапкершілікті дамыту бағытындағы мүмкіндіктерге тоқталды.

WhatsApp Image 2026-07-23 at 13.22.35

Сонымен қатар кездесуде жастардың көшбасшылық әлеуетін дамыту, мемлекеттік басқару саласына білікті мамандарды тарту, азаматтық белсенділікті арттыру, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттарын ілгерілету мәселелері қаралды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, жастар мемлекеттік қызмет саласына қатысты өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

БҚО бойынша мемлекеттік қызмет істер агенттігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале