Диетолог Эми Шапиро ақуызға бай, бағасы қолжетімді әрі көпшілік ескере бермейтін өнім ретінде сиырдың бауырын тұтынуға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Маманның сөзінше, сиыр бауыры - қоректік заттарға өте бай өнімдердің бірі. Оның құрамында ағзаға оңай сіңетін ақуыз, дәрумендер мен минералдар мол.
Диетолог оның дәмі ұнамаса, тартылған сиыр етімен араластырып әзірлеуге кеңес берді. Мұндай қоспадан котлет, т.б. тағамдар жасауға болады.
"Оның дәміне үйрену қиын болса, тартылған етпен араластыру - оңтайлы шешім. Ал сүйікті дәмдеуіштеріңіз бұл өнімді күнделікті ас мәзіріне оңай енгізуге көмектеседі", - деді Эми Шапиро.