ҚР ҰҚК Шекара қызметі мұнай өнімдерінің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз шығарылуына жол бермеу бағытында жүйелі шаралар қабылдауда.

Фото: gov.kz
Ведомство мәліметінше, тек биылғы жылдың 1-21 шілде аралығында өткізу пункттерінде 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелген.
Аталған заңбұзушылықтарға барған кінәлі адамдар ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды. Бұл бағыттағы қатаң шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЖЖМ көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған.