26.07.2026, 15:30
Оқылды: 9

Әлемдік деңгейдегі киберспорт жұлдыздары Астанадағы ауқымды турнирге жиналды

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Астанада «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирінің қатысушылары қабылдана бастады.

8a49e53ecc85fd76efe76e6a7d973c96_1280x720

Фото: gov.kz

Елордаға 50-ден астам ұлттың 800-ден аса спортшысын біріктіретін әлемдегі жетекші фиджитал және киберспорт командалары келіп жатыр.

Алғашқылардың бірі болып келген Phygital Basketball Presented by Halyk Fund дисциплинасының қатысушылары қатарында Аргентинаның екі дүркін чемпионы әрі халықаралық турнирлердің жеңімпазы «Boca Juniors», сондай-ақ «MINSK», «Flow Game Basketball» сынды танымал клубтар бар. Олардан бөлек, Астанаға «Xtreme Gaming», «Team Falcons», «Team Spirit», «T1», «Aurora Gaming» және «The MongolZ» сияқты әлемге әйгілі ұжымдар келеді. Олар Dota 2, MLBB, PUBG, CS 2 және басқа да дисциплиналар бойынша бақ сынайды.

8cd5ed0429d1a1e0d2ea48b18faf9ede_1280x720 c1cbf9ae1ff99e8e06783223dd8e5d74_1280x720

Дәстүрлі спорт пен заманауи технологияларды тоғыстыратын ауқымды турнир 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале