26.07.2026, 17:30
Оқылды: 231

Шыңғырлауда балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыру шаралары талқыланды

Шыңғырлау әкімдігінде аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен тәуекел тобындағы балаларды дербес сүйемелдеу мәселелеріне арналған кеңес өтті.

image-26-07-26-04-15-2

Жиынға БҚО балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Афиза Семғалиева, облыстық Әдістемелік-психологиялық қолдау орталығы психологиялық бөлімінің басшысы Гүлжайна Абельманова, сондай-ақ аудандық мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Есенов тәуекел тобындағы балалармен жүргізілген жеке профилактикалық жұмыстардың нәтижелері мен оларды қолдауға бағытталған қосымша шаралар туралы баяндама жасады.

​Күн тәртібінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік-психологиялық жағдайын бақылауда ұстау, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қаралды. Комиссия мүшелерінің қойған сұрақтарына БҚО балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Афиза Болатқызы жауап беріп, өңір деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Жиын соңында бұл бағыттағы алдағы міндеттер айқындалып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.

Светлана Ешматқызы, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале