27.07.2026, 16:30
Оқылды: 14

БҚО-да полиция ауқымды профилактикалық акция өткізді

Батыс Қазақстан облысында интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алуға бағытталған “Алдауға жол берме” республикалық акциясы өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

ca030233-fc33-48e5-8852-2c8fc80856d7

Сурет: Polisia.kz

Іс-шараға полиция қызметкерлері, қоғам белсенділері мен еріктілер қатысып, тұрғындарға киберқауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Акция барысында полицейлер халық көп шоғырланатын орындарда азаматтармен кездесіп, қазіргі таңда жиі кездесетін интернет және телефон алаяқтығының тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Тұрғындарға жеке деректерді қорғау, банк карталарының реквизиттерін, SMS-кодтар мен құпиясөздерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Полиция қызметкерлері өзін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе байланыс операторы ретінде таныстырып, азаматтарды алдауға тырысатын қаскөйлердің әрекеттеріне ерекше тоқталды. Сондай-ақ жалған инвестициялық жобаларға сенбеу және күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігі ескертілді.

Полиция тұрғындарды қырағылық танытуға шақырады. Егер белгісіз тұлға ақша аударуды талап етсе немесе банк картасының деректерін, SMS-кодты, құпиясөзді сұраса, әңгімені бірден тоқтатып, ақпаратты тек ресми байланыс арналары арқылы нақтылаған жөн. Сақтық – интернет-алаяқтардың құрбаны болмаудың басты кепілі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале