27.07.2026, 16:15
Оқылды: 22

Жаңақала ауданында «Заң мен тәртіп - әділетті қоғам кепілі» форумы өтті

Заң үстемдігін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы парасаттылық құндылықтарын ілгерілету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

331f0943-72c6-41f9-8c47-3b6daf5b9e42

Жаңақала ауданында «Заң мен тәртіп - әділетті қоғам кепілі» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы талқылау форумы өтті.

Іс-шара мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Департамент басшысы М.Байсалов, Жаңақала ауданының прокуроры Қ.Төремұратов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры С.Түменбаев, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Р.Гумар, мемлекеттік қызметшілер, аудандық мекемелердің өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Форум барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық пен жауапкершілікті арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту мәселелері талқыланды.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және қоғамда адалдық қағидаттарын орнықтыру бағыттары бойынша пікір алмасты.

Департамент басшысы М.Байсалов заң талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің жоғары жауапкершілігі мен әдеп нормаларын ұстануы тиімді әрі халыққа бағдарланған мемлекеттік аппарат қалыптастырудың маңызды шарты екенін атап өтті.

2cbaeaee-18b5-4265-8aa0-84c6f24b38c9

Жаңақала ауданының прокуроры Қ.Төремұратов өз сөзінде заң талаптарын сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, құқықтық мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және қоғамда заңға құрмет құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Форум аясында «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттарын ілгерілету, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру және жастар арасында адалдық құндылықтарын дәріптеу бағытындағы міндеттер белгіленді.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале