28.07.2026, 13:00
Оқылды: 8

Тарбағатай – табиғаттың баға жетпес қазынасы

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2018 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылды. Парк аумағы 143 550,5 гектарды құрайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жазды. 

bc86e031f3401efb5a377318bfeb94fc_1280x720

Тарбағатай – еліміздің биоалуантүрлілігі ең бай өңірлерінің бірі. Мұнда: 1640-қа жуық өсімдік түрі өседі, оның 35 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. 376 омыртқалы жануар түрі мекендейді, олардың 42 түрі Қызыл кітапқа енген.

4fbc5df5115f6b1618a0b4524d3ef577_1280x720

Бұл өңір 169 эндемикалық өсімдік түрімен ерекшеленеді. Сондай-ақ ителгі, бүркіт, қарақұс, дуадақ және үкі сияқты сирек құстардың маңызды мекені саналады.

4b84f748cdcc0ece2bfca376c81722f0_1280x720

Бүгінде ұлттық парк табиғатты қорғау, ғылыми зерттеу, экологиялық ағарту және экотуризмді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп, өңірдің табиғи мұрасын келер ұрпаққа сақтауға үлес қосып келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале