Алматы - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 15-20 градус жылы.
Ақмола облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-33 градус жылы, облыстың батысында 36 градус аптап ыстық болады. Көкшетау - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде 5-10, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 31-33 градус жылы.
Алматы облысы - күндіз облыстың тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың таулы аудандарында 7-12 градус жылы, күндіз 30-35 градус аптап ыстық, облыстың оңтүстік-шығысында 25 градус жылы, таулы аудандарда 15-20 градус жылы болады. Қонаев - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 33-35 градус аптап ыстық болады.
Жетісу облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 23, орталығында және таулы аудандарында 12 градус жылы, күндіз 30-35 градус аптап ыстық, таулы аудандарда 25 градус жылы болады.Талдықорған - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 30-32 градус жылы.
Түркістан облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 метр, күндіз тау асуларында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 21-26, таулы аудандарда 18 градус жылы, күндіз 36-41 градус аптап ыстық, таулы аудандарда 33 градус жылы болады. Түркістан - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 24-26 градус жылы, күндіз 39-41 градус өте қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-24 градус жылы, күндіз 33-38 градус аптап ыстық болады. Орал - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус аптап ыстық болады.
Атырау облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 23-28 градус жылы, күндіз 38-43 градус өте қатты ыстық, облыстың батысында 35 градус ыстық болады. Атырау - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 26-28 градус жылы, күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болады.
Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 25-30, облыстың батысында 22 градус жылы, күндіз 39-44 градус өте қатты ыстық, облыстың батысында 29-34 градус жылы болады. Ақтау - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 32-34 градус жылы.
Ақтөбе облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 7-12, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-27, облыстың солтүстігінде 18 жылы, күндіз 38-43 градус өте қатты ыстық болады. Ақтөбе - көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 жылы, күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болады.
Қостанай облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 20-25 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық болады. Қостанай - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 жылы, күндіз 34-36 градус қатты ыстық болады.
Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел солтүстіктен соғады, жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20, кей уақытта 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады. Петропавл - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел солтүстіктен соғады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 32-34 жылы.
Павлодар облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен соғады, жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-19, күндіз 27-32 жылы. Павлодар - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 29-31 жылы.
Қарағанды облысы - таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23, облыстың шығысында 12 жылы, күндіз 27-32, облыстың шығысында 24 жылы, облыстың батысында 35 градус қатты ыстық болады. Қарағанды - көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде 2-7, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 28-30 жылы.
Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 7-12, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 21-26, облыстың шығысында 17 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың батысында 40 градус өте қатты ыстық болады. Жезқазған - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.
Шығыс Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстікте және таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр жауады; күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың шығысында 8, күндіз 23-28, облыстың солтүстігінде, шығысында 20 жылы. Өскемен - көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 жылы.
Абай облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33 жылы. Семей - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың орталығында, шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-27 жылы, күндіз 37-42 градус қатты ыстық болады. Қызылордада ашық болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 24-26 жылы, күндіз 39-41 градус қатты ыстық болады.
Жамбыл облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың таулы аудандарында 14, күндіз 32-37, облыстың таулы аудандарында 29 жылы. Тараз - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 34-36 жылы.
