Отбасын қолдау орталығының қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және цифрлық арналар арқылы халықты ақпараттандыру, сондай-ақ отбасы институтын нығайту мәселелері Батыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері Т.В. Рогозина мен Г.Б. Шукееваның жұмыс сапарының негізгі тақырыбы болды.

Жұмыс сапары барысында аудандық Отбасын қолдау орталығы, онымен өзара іс-қимыл жасайтын Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, аквареабилитация қызметін көрсететін бассейн, Ақсай қаласының кітапханасы және басқа да әлеуметтік нысандар араланды.

Аудан тұрғындарымен, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен ашық диалог ұйымдастырылып, оның барысында отбасылық құндылықтарды нығайту, мемлекеттік отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, әйелдердің қоғамдағы рөлі және отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың отбасылық-демографиялық саясат саласында қабылдап жатқан шараларының тиімділігіне талдау жүргізіліп, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен қызметті үйлестіру мәселелері қаралды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мемлекеттік отбасылық-демографиялық саясатты іске асырудың тиімділігін арттыруға, отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және Отбасын қолдау орталығының қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсынымдар берілді.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
