29.07.2026, 15:00
Оқылды: 78

Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарында атмосфералық құрғақшылық күтіледі

2026 жылдың тамыз айына арналған алдын ала болжамға сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарында атмосфералық құрғақшылық күтіледі. Қазгидрометтің мәліметінше, бұл кезеңде жауын-шашын мөлшерінің азаюы мен ауа температурасының жоғары болуы ықтимал. Мұндай жағдай ауыл шаруашылығы саласына, әсіресе егін мен мал азығын дайындау жұмыстарына әсер етуі мүмкін.

ЖП дала казталов (1)

Сурет: сайт архивінен 

2026 жылдың тамыз айының алдын ала болжамы бойынша атмосфералық құрғақшылық күтіледі:

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарында;

Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында;

Атырау облысы Құрманғазы ауданында;

Жетісу облысының Алакөл және Ақсу аудандарында;

Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Жамбыл және Байзақ аудандарында;

Түркістан облысының Арыс, Созақ, Ордабасы, Шардара, Түлкібас, Бәйдібек аудандарында;

Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев және Есіл аудандарында және Қостанай облысының Ұзынкөл және Қамысты аудандарында бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады.

Еліміздің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болжанады.

Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале