Бәйтерек ауданындағы Переметный ауылында қазақтың күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 155 жылдық мерейтойына орай «QAZAQSTAN BARYSY» республикалық турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев пен аудандық мәслихат төрағасы, аудандық қазақ күресі федерациясының президенті Нұрлыбек Хайруллин ұлттық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ауылдық округтерден келген 28 спортшы бақ сынаған тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша дарияндық Ақылбек Зайдолла бас жүлдені еншілеп, «Бәйтерек ауданының барысы» атанды.

Жарыста екінші орынды Ерлан Мұсағалиев өзара иеленсе, үшінші орынды Нұралы Науанов түйіндеді. Сондай-ақ бірқатар спортшы арнайы номинациялармен марапатталып, жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар табысталды.
Салтанат Зұлқарнаева,
Бәйтерек ауданы