30.07.2026, 9:00
Оқылды: 15

Оралда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XV жазғы чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жасөспірім ұлдар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XV жазғы чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жазды.

474deda2a20590209cd9a5e09735c030_1280x720

Жарыстың алғашқы күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мамандандырылған жасағының аумағындағы оқу-жаттығу мұнарасында «Шабуыл сатысымен көтерілу» тәртібі бойынша жарыстар өтіп, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, жылдамдықтарын, техникалық шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

4cdc0eb03be2d35d77d857ec5622ac34_1280x720

Жарыс қорытындысы бойынша жеке біріншілікте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

Кіші топ (14 жас және одан кіші):

1 орын – Владислав Ребенок (Батыс Қазақстан облысы) – 7,66 сек.;

2 орын – Руслан Уразбаев (Қызылорда облысы) – 7,71 сек.;

3 орын – Кирилл Черевко (Павлодар облысы) – 7,94 сек.

Орта топ (15–16 жас):

1 орын – Дмитрий Рыбалкин (Ақмола облысы) – 7,93 сек.;

2 орын – Кирилл Шевцов (Шымкент қаласы) – 9,04 сек.;

3 орын – Игнат Редькин (Шығыс Қазақстан облысы) – 9,59 сек.

168eccba1abdc60eca912c5b538313fb_1280x720

Аға топ (17–18 жас):

1 орын – Ислам Қалиоллаев (Ақмола облысы) – 11,80 сек.;

2 орын – Нұрдәулет Төлеген (Шымкент қаласы) – 12,22 сек.;

3 орын – Никита Боков (Шығыс Қазақстан облысы) – 14,82 сек.

«Шабуыл сатысымен көтерілу» тәртібі бойынша командалық есептің қорытындысы:

1 орын – Батыс Қазақстан облысы;

2 орын – Ақмола облысы;

3 орын – Шығыс Қазақстан облысы.

Кешке чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі және алғашқы жарыс түрі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Рамиль Камалов, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Даурен Данаев, ардагерлер, Батыс-Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, шақырылған қонақтар, спортшылар, команда өкілдері мен жаттықтырушылар қатысты.

d10c2aaf84983680940b833722334403_1280x720

Құрметті қонақтар құттықтау сөзінде қатысушыларға әділ бәсеке, жоғары спорттық нәтижелер мен жаңа жеңістер тіледі.

Ертең чемпионат «100 метрлік кедергілер жолағынан өту» тәртібі бойынша жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале