Батыс Қазақстан облысында «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деп жазады «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы.

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автомобиль жолының 369-408 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жобаның жалпы ұзындығы – 39 шақырым.

Жоба аясында келесі жұмыстар атқарылды:
– 25 шақырымда жаңа материал қосу арқылы суық жону әдісімен жол негізі нығайтылды;
– 25 шақырымда ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан төменгі қабат төселді;
– 9 шақырымда майда түйіршікті асфальтбетон қоспасынан жоғарғы қабат төселді.
Аталған жобаны жүзеге асыруға 52 маман мен 45 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.