30.07.2026, 17:45
Оқылды: 5

Казталов ауданы: Талдыапанда өскен қарбыз сатылымға шықты

 

Казталов ауданы, Талдыапан ауылдық округіндегі «Дархан» шаруа қожалығы биыл еккен қарбызының алғашқы өнімін сатылымға шығарды. Еңбекпен өсірілген қарбыздың алғашқы легі үлкен жүк көлігіне тиеліп, аудан тұрғындарына сатылымға ұсынылды.

image-30-07-26-05-37

Шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлыбай Жолдыбайұлы қолға алған жаңа бағыт бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. Биыл мұнда қарбызбен қатар мал азығына арналған жүгері де егілді. Егістікте тамшылатып суару технологиясы қолданылып, өнімнің сапасы мен шығымын арттыруға басымдық берілген.

Алғашқы өнімнің нарыққа жол тартуы - шаруалардың маусым бойғы тынымсыз еңбегінің жемісі. Бұл бастама аудандағы шаруа қожалықты дамытуға серпін беріп, жергілікті өнім көлемін арттыруға өз үлесін қосуда.

 

Жайна Қабиболла,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале