30.07.2026, 22:00
Оқылды: 85

Президент семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың ресми telegram-каналында жарияланды. 

IMG_20260730_194358_729

Фото:  AibekSmadiyar

Мемлекет басшысы құттықтауында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын айтып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале