ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, бұл туралы Түркістан облысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысына арналған республикалық көшпелі кеңес кезінде айтылды.

Фото: primeminister.kz
Жиында 2023-2025 жылдары өңірде 4,2 мыңнан астам жоба қаржыландырылып, 4,6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылғаны, сондай-ақ жүздеген жылыжайлар мен қайта өңдеу кәсіпорындары іске қосылғаны айтылды. Алайда, кейбір өңірлерде, атап айтқанда Ақмола, Атырау және Жамбыл облыстарында бюджет қаражатын игеру көрсеткішінің төмен екені атап өтіліп, Қанат Бозымбаев жауапты тұлғаларға қаражатты тамыз айына дейін толық игеруді немесе қаржыны тиімді жұмыс істеп жатқан өңірлерге қайта бөлуді тапсырды.