1.08.2026, 16:30
Оқылды: 74

Африкадағы алмазбен алдаған: «Sax Invest» ұйымдастырушылары жазаланды

ҚР ҚМА хабарлауынша, Ақтауда «Sax Invest» қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты.

жп ақша (10)

Өзін инвестициялық қор ретінде көрсетіп, Африкадағы алмаз өндіру жобасына қатысамыз деп алдаған алаяқтар 2018-2022 жылдары Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларынан мыңнан астам салымшыны тартып, 9 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған. Тексеріс кезінде ақшаның едәуір бөлігі құмар ойындар мен жылжымайтын мүлік алуға жұмсалғаны анықталды.

Сот шешімімен ұйымдасқан топтың сегіз мүшесі 6 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Мемлекет кірісіне жеке тұрғын үй мен цифрлық активтер тәркіленіп, азаматтық талаптарды орындау мәселесі шешілгенге дейін сотталғандардың екі автокөлігі, екі пәтері және жер учаскесіне салынған тыйым сақталды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале