Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат науқаны қарқынды жүріп жатыр.

Кандидаттар теледебаттар мен дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан бөлек, әлеуметтік желілер мен цифрлық платформаларды да белсенді пайдалануда.
Осыған байланысты сарапшылар азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. Өйткені сайлау науқаны басталғалы фейктер мен кандидаттардың бейнесін заңсыз пайдалану жағдайлары көбейген. Сала мамандары дипфейктерді жасау мен тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.