Sports.kz хабарлауынша, Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) әлемнің ең үздік шахматшы әйелдерінің жаңартылған рейтингін жариялады.

Фото: Sports.kz
Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева 2538 ұпаймен әлемдік тізімдегі 5-орнын сақтап қалды. Ол бұл межені шілде айында бағындырып, жеке рекордын орнатқан еді.
22 жастағы Бибісара үздік бес қатардағы Қытайдан өзге жалғыз шахматшы болып отыр. Рейтинг көшін Хоу Ифань (2596) бастап тұр, одан кейінгі орындарға Лэй Тинцзе (2561), қолданыстағы әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь (2553) және Чжу Цзиньэр (2550) жайғасқан. Қазақстандық спортшы төртінші орындағы шахматшыдан 12 ұпайға, ал көшбасшыдан 58 баллға қалып келеді.
2026 жылдың алғашқы жеті айында Бибісара рейтингте 11-орыннан 5-орнына бір-ақ көтеріліп, қоржынына 41 ұпай қосты. Бұл серпіліске Кипрде өткен Үміткерлер турниріндегі 2-орын мен престижді Norway Chess Women турниріндегі жеңісі ықпал етті. Блицтен әлемнің үш дүркін чемпионы Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы мәртебесін дәлелдеп келеді.