3.08.2026, 13:00
Оқылды: 4

Неліктен субұрқақта шомылу денсаулыққа зиян?

 Өздеріңізге белгілі, жаз кезенде қалада, кейбір аудандық орталықтарда субұрқақтар іске қосылады. Субұрқақ бұл сәулет өнерінің керемет безендірілуі, қалалық, аудандық алаңдар кеңістігін жандандыратын және қала тұрғындарына ұмытылмас жарқын көңіл күй сыйлайтын таңғажайып әдемілік көрініс береді және ауаны ылғалдандырады.

жп парк қадыр мырза али (13)

Сурет: сайт архивінен

Бүгінгі танда облымызда 26 субұрқақ бар, оның 24 субұрқағы іске қосылды. Орал қаласындағы 17 су бұрқағы, Ақсай қаласындағы 2, Бөкейорда  ауданында 2, Жаңақала ауданында 2, Тасқала ауданында 1, су бұрқағы іске қосылды. Жыл сайын мамыр айынан қыркүйек айына дейін субұрқақтардың суын вирусологиялық зертеуге су сынамаларын ала отырып, су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша су бұрқақтардың суына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу барысында вирусологиялық зерттеудің вирусты А гепатиты, ротовирус, энтеровирус көрсеткіштеріне су сынамалары алынды, сынамаларда оң нәтижесі анықталмады.

Жазғы кезде субұрқақтар облыс тұрғындарының назарын аударатын орынға айналады, ал кейбір тұрғындар, балалар субұрқақтың жанында серуендеп қана қоймай, оған шомылады.

Содықтан субұрқақта шомылу жіті ішек инфекциясына, респираторлық инфекцияға әкелуі мүмкін, мұндағы ең негізгі адам организміне қауіп төндіретін энтеровирустық, ротовирустық инфекциялар, вирустық А гепатиті аурулары.

Сонымен қатар, вирустық,паразиттік және аса қауіпті ауруларды жұқтыру қаупіде жоғары.

Бұрқақтарда шомылу қауіпті, себебі бұрқақтардағы су ағынды емес, тұйық жүйеде айналымда болады және жануарлардан қалған гельминт жұмыртқаларының жұғуына себеп болуы мүмкін. Оның үстіне, жоғары ауа температурасында судағы микроорганизмдер тез көбейеді. Әрдайым осы жағдайларды есте сақтау керек.

Бұрқақтарға суға түсу тек ауруларды жұқтыруға әкеп  соқтырып қана қоймай, сонымен бірге бұрқақтарда орналасқан құбырлар,сорғылар мен шырағдандар есебінен электрмен және механикалық зақымдалуларға алып келуі мүмкін.

               Құрметті облыс тұрғындары, ата-аналар!

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменгті сақтық шараларын сақтауға, бұрқақтың балалардың суға түсетін орны есес екенін ескертеді. Балаларды бақылаусыз қалдырмаңыздар, күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу қауіпті екенін ескертіп отырыңыздар.

Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық

 бақылау департаментінің баспасөз маманы

 Кенжегуль Мухитова

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале