ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы сыйлықақы беру байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.

Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі, ал бір бағытқа арналған қаржылай қолдау мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды. Өтінімдер 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18:30-ға дейін қабылданады.
Соңғы 9 жылда бұл марапатты 558 үкіметтік емес ұйым иеленген, олардың арасында ауылдық жерлерді дамытуға үлес қосып жүрген белсенді бірлестіктер де бар. Байқау талаптары мен қосымша ақпаратты астаналық байланыс телефондары арқылы (8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17) білуге болады.