5.08.2026, 15:00
Оқылды: 15

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық тергеп-тексеру органдарына қызметке іріктеу жариялайды  

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық тергеп-тексеру органдарына алғаш рет қызметке қабылданатын азаматтарды бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің басталғанын хабарлайды.

0c13c8e4834f980f4e273742973d3a1f_1280x720

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 шілде – 15 тамыз.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
жасы 18-ден 35 жасқа дейін болуы;
жоғары білімі болуы.

Құжаттар «Open Academy» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.

Іріктеуге қатысу үшін:
talapker.prokuror.gov.kz сайтында ЖСН арқылы тіркелу;
жеке кабинетті толтырып, қажетті құжаттарды жүктеу қажет.

Іріктеуден өту тәртібі мен қажетті құжаттардың толық тізімі talapker.prokuror.gov.kz сайтындағы «Open Academy» ақпараттық жүйесінде орналастырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале