7.08.2026, 11:00
Оқылды: 6

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 42-сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 42-сессиясы өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жергілікті басқару жүйесіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Айдар Менеев, салалық бөлім және мекеме басшылары қатысты.
image-06-08-26-10-04-3
Сессияның күн тәртібіне үш мәселе енгізілді. Алғашқы болып депутаттар 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36-1 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін қарады. Ұсынылған түзетулер аудан бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерін нақтылауға, мемлекеттік бағдарламалар мен басым жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталды.
image-06-08-26-10-04-1
Содан соң 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №37-17 «2026–2030 жылдарға арналған Казталов ауданының даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылды. Өзгерістер ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін өзектендіріп, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың орындалуын жаңа міндеттермен сабақтастыруды көздейді.
Сессия барысында депутаттар үшінші мәселе Казталов аудандық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді де қарады. Бұл мәселе қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес талқыланып, тиісті шешім қабылданды.
Жайна ҚАБИБОЛЛА
Казталов ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале