Достық үйінде "Мейірімді көктем" қайырымдылық айлығы аясында өткізілген мүмкіндігі шектеулі балалар туындыларының аукциондық сатылым қорытындысы шықты.
Шарада сөз алған облыстық ассамблея төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов аталмыш акцияның мақсатын түсіндіріп, жас суретшілерге сәттілік тіледі.
Аукцион қорытындысы бойынша Сергей Ионовтың үш суреті 300 мың теңгеге жуық бағаланса, Орынғаным Жұмағалиеваның "Мешіт" суреті 135 мың теңгеге, Серік Бекетовтың кос суреті 310 мың теңгеге, Марс Губашевтің суреті 160 мың теңгеге сатылған.
Басқосуда мүмкіндігі шектеулі көркем суретшілерге алғыс хаттар мен еңбектерінің ақшалары табыс етілді.
Гүлсезім Бияшева
zhaikpress.kz