Қаназдық (анемия) көп жағдайда байқалмай дамиды. Дегенмен ағзадағы әлсіздік, бас айналу, терінің бозаруы сияқты белгілер гемоглобин деңгейінің төмендегенінен хабар беруі мүмкін. Терапевт Зарема Тен анемияның жиі еленбей қалатын жеті негізгі белгісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Маманның айтуынша, анемия біртіндеп дамитындықтан, ағза оттегінің жетіспеуіне бейімделіп үлгереді. Сол себепті оның белгілері көбіне шаршау немесе күйзеліспен шатастырылады.
Оның сөзінше, темір тапшылығы кезінде адамда бор, саз немесе мұз жеуге деген ерекше құмарлық пайда болуы мүмкін.
Маман аталған белгілердің бірнешеуі байқалған жағдайда өздігінен емделумен айналыспай, дәрігерге қаралуға кеңес береді. Оның айтуынша, анемия жеке ауру емес, ағзадағы басқа мәселелердің белгісі болуы мүмкін. Сондықтан жалпы қан талдауын тапсырып, ағзадағы темір қорын көрсететін ферритин деңгейін тексеру маңызды.