28.03.2017, 12:35
Оқылды: 46

«Қазтестке» қатысуға 3000-ға жуық адамнан өтініш түсті

makhambet 4  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғали айтты.


  - «Қазтест» - маңызды шара. Биылғы жылдың өзінде облыс бойынша 10 мың ересек тұрғын сынақтан өтпек. Сәуір, маусым, желтоқсан айларына жоспарланған сынаққа облыс тұрғындары ерекше ынтамен қатысады деген ойдамыз. Қазірдің өзінде 3000-ға жуық адамнан тест тапсыруға өтініш түсіп тұр.

  - Ал облыс тұрғындарының ағылшын тілін меңгеру көрсеткіші өткен жылы 9 пайызды құраса, 2016 жылы 11 пайызды құрады. Әлем елдері бәсекелестігіне жол ашатын "Тілдердің үштұғырлығы" мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс тұрғындарына жыл сайын ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді. 2009 жылдан бері курсқа үш мыңнан астам адам қамтылса, 2016 жылдың өзінде 660 тыңдаушы курсты оқып шықты. Алдағы жылдарда бұл көрсеткішті жоғарылату мақсатында ағылшын тілі курстары тұрақты түрде ұйымдастырыла беретін болады, - деді облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале