11.08.2026, 12:00
Оқылды: 6

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде.

cae791f02c123cad8f7ccd04aac25ba6_1280x720

Мұнай өндірудің 8,9%-ға (53,2 млн тонна) төмендеуіне және жаһандық нарықтың құбылмалылығына қарамастан, өсу орнықтылығында көрінетін оң динамикаға қол жеткізілді.
Экономикалық өсу шикізаттық емес сектор есебінен қолдау тауып, ҰЭМ-нің есептеуінше, биылғы жеті айда 5,4%-ға өскен.

Экономиканың негізгі сегменті-өңдеу өнеркәсібі-9,0% - ға жоғары өсу қарқынын көрсетті. Бұл ретте машина жасау (22%), тамақ өнімдерін өндіру (13,9%), химия өнеркәсібі (26,9%), фармацевтика (38,5%), құрылыс материалдары (9,4%), дайын металл бұйымдары (35%) өңдеудегі өсу қарқыны бойынша көшбасшы. Құрылыста (15,3%), көлікте және қоймада (7,4%), саудада (5,9%), ауыл шаруашылығында (5%), байланыста (4,3%) айтарлықтай өсуге қол жеткізілді.

Айта кету керек, алдыңғы жылдары экономиканың өсу қарқыны шикізат секторының динамикасына қатты тәуелді болды. Өндірудің баяулауы ЖІӨ-нің өсуін тежесе, жеделдеуі, сәйкесінше, күшті өсу қарқынына жол ашты. Өнеркәсіптік әлеуетті нығайтып, даму институттарының рөлін күшейту, транзиттік, автомобиль және теміржол инфрақұрылымын дамытып, отандық тауар өндірушілер мен ШОБ-ты қолдау, шикізаттық емес бағыттарға инвестицияларды арттыру арқылы экономиканы кезең-кезеңімен әртараптандыру соңғы жылдары экономикадағы мұнай секторының рөлін айтарлықтай төмендетті (2025 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ құрылымындағы мұнай өндіру үлесі 7,8%-ға дейін қысқарған).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале