12.08.2026, 9:00
Оқылды: 9

Команда есе қайтарды

Бірінші лек командалары арасындағы футболдан ел шемпионатының 17-тур аясында Оралдың «Жайық» командасы өз алаңында «Таразды» қабылдады. Тап қазір қос команда турнир кестесінде қатар орналасқан. Оның үстіне оралдық футболшылар Таразда өткен алғашқы кездесуде жеңіліс дәмін татқан еді...

футб1

«Жайық» футболшылары осы жолы мүлт кеткен жоқ. Ойын басталғаннан кейін жарты сағатта Хамза Яхуди есеп ашса, екінші таймда үлкен футболға қайта оралған жас шабуылшы Артем Астахов қарсылас қақпасын дәл көздеп, ұпайды еселеді. Қорытынды есеп 2:0, «Жайық» жеңді! Осылайша Вячеслав Невольников шәкірттері 17 турдан кейін 26 ұпай жинап, турнир кестесінің 6-сатысына көтерілді.

Оралдықтар 14 тамызда сырт алаңда «Екібастұз» командасымен  кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале