12.08.2026, 21:00
Оқылды: 0

Бөкей ордасы: Ташкентте топ жарған Азия чемпионына құрмет көрсетілді

​Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов Ташкентте өткен Азия чемпионатында армрестлингтен топ жарып, ел намысын абыроймен қорғаған Рахым Қожағалиевті арнайы қабылдады.

FB_IMG_1786541639644

Аудан тарихындағы тұңғыш Азия чемпионын құттықтаған аудан басшысы бұл жеңістің артында үлкен табандылық пен маңдай тер жатқанын, оның бұл жетістігі мен тәрбиелеп жүрген шәкірттерінің нәтижесі жастарға үлгі екенін ерекше атап өтті. Мерейлі қабылдау кезінде спортшыға тұлпар мінгізілді.

InShot_20260812_190333698

Айта кетейік, азаматқа демеушілік қолдау көрсеткен — ауылдасы Рауан Мұхамбетшин.

Өз кезегінде чемпион дайындық барысын баяндап, аудан басшылығы мен демеушілік білдірген ел азаматтарына ризашылығын білдірді.

Анар Артықбай, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале