13.08.2026, 18:00
Оқылды: 3

Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынған құрылыс жобалары енді Qportal арқылы жүргізіледі

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің талаптарына сәйкес,  мемлекеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын жобалар бойынша инженерлік іздестіру жұмыстарын жүргізу және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу Бірыңғай құрылыс порталы — Qportal.kz арқылы жүзеге асырылады.

303a9d0dc6312881ce92e997ef400c1d_1280x720

Порталда «бір терезе» қағидаты бойынша жобалаудың негізгі процестері цифрлық форматта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, шартқа қол қою, жоба бойынша жұмыс тобын қалыптастыру, техникалық тапсырма мен жұмыс кестесін әзірлеу және келісу, инженерлік іздестіру нәтижелері мен жобалау-сметалық құжаттаманы келісу, сондай-ақ инженерлік іздестіру және жобалау жұмыстары бойынша орындалған жұмыстар актілерін ресімдеу жүзеге асырылады. Барлық операциялар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

Инженерлік іздестіру жұмыстары аяқталып, жобалау құжаттамасы әзірленгеннен кейін материалдар Qportal.kz арқылы сараптамаға жіберіледі.

Осылайша, инженерлік іздестіру жұмыстарын жүргізуден бастап сараптаманың қорытындысын алуға дейінгі жобалау процесінің барлық кезеңі бірыңғай цифрлық ортада жүзеге асырылады.

Бірыңғай құрылыс порталымен (https://qportal.kz/info) жұмыс істеу жөніндегі толық нұсқаулықтар Порталдың басты бетіндегі «Тапсырыс берушінің нұсқаулықтары» бөлімінде орналастырылған. Сұрақтар туындаған жағдайда пайдаланушылар help@qportal.kz электрондық поштасы немесе +7 (7172) 57-37-30 телефоны арқылы қолдау қызметіне жүгіне алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале