14.08.2026, 16:30
Оқылды: 49

Адал еңбекке – лайықты құрмет

Бүгін аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев әкімдіктің кіші мәжіліс залында Жаңақала ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, арнайы қабылдау өткізді. Жиында аудан басшысы Мемлекеттік кірістер органдарының ел экономикасын нығайтудағы, бюджет түсімдерін қамтамасыз етудегі және қаржылық тұрақтылықты сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.
IMG_7377
- Мемлекеттік кірістер саласы – ел бюджетінің толығуына, әлеуметтік-экономикалық жобалардың ойдағыдай жүзеге асуына тікелей ықпал ететін жауапты әрі маңызды сала. Ауданның дамуына қосып жатқан үлестеріңіз бен адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін, - деді Алпамыс Жаңабайұлы.
IMG_7309
Қабылдау барысында аудан әкімі осы салада 34 жыл еңбек өтілі бар Ардақ Жақсыбаеваға Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің “Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі” төсбелгісін тақты. Сондай-ақ басқарма басшысы Абылай Тажкенов пен салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Гүлмира Гумароваға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тлепберген Каюповтың алғысхатын ұсынса, Мейрамбек Шапенов пен Әсемгүл Иманбаеваға өзінің атынан алғысхат табыстады.
Бұдан бөлек, полиция ардагері Файл Нұрғалиев бөлім басшысы Асхат Абжановқа “Намыс-ардагер” қоғамдық қорының “Құқық қорғау жүйесіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісін тақты. Сала мамандары да көрсетілген құрмет пен қолдауға ризашылықтарын білдіріп, аудан игілігі жолындағы еңбектерін абыроймен жалғастыра беретіндіктерін жеткізді.
Аудан игілігі мен ел бюджетінің толығуы жолында жауапты қызмет атқарып жүрген сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық пен құт-береке, алдағы бастамаларыңызға жаңа табыстар тілейміз!
Аянат САДЫҚ
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале