15.08.2026, 14:30
Оқылды: 22

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сәйкес, биылғы жиын-терім қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин күзгі егіс жұмыстары бойынша жедел штаб отырысын өткізді.

егін (5)

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан

Қазіргі таңда еліміздің көптеген өңірінде егін жинау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепованың мәліметі бойынша, биылғы жалпы жиналатын егіс алқабы 24,2 млн гектарды құрап, оның 15,6 млн гектары дәнді және бұршақты дақылдарға тиесілі. Бүгінде аталған дәнді дақылдардың 1,9 млн гектары немесе 12,5 пайызы жиналып үлгерді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Егін жинау науқанының ерте басталуына жаздың әдеттен тыс ыстық болып, дақылдардың тез пісуі себеп болды.

Биылғы маусымда дәнді дақылдардың өнімділігі де көңіл қуантады: өткен жылғы 14,8 ц/га көрсеткішпен салыстырғанда, биыл орта есеппен гектарына 16,4 центнер өнім алынуда. Қазіргі уақытта еліміз бойынша жалпы көлемі 3,2 млн тонна астық жинақталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале