15.08.2026, 16:00
Оқылды: 141

Өңірлерде балаларға көрсетілетін стоматологиялық көмек қатаң бақылауға алынды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, министр Ақмарал Әлназарова өңір басшыларына балаларға стоматологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Жиында мектепке дейінгі жастағы балаларға және ем алуға талон алу кезіндегі кезектерді жоюға ерекше назар аударылды.

медицина ЖП Бөрлі

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан

Министр әр көрсеткіштің артында нақты бала мен отбасы тұрғанын, егер ата-ана баласына көмек алу үшін таңертеңгі сағат бесте келіп кезекте тұруға мәжбүр болса, жүйенің жеткіліксіз жұмыс істейтінін айтты. Бүгінде балаларға стоматологиялық көмек мемлекет тарапынан қаржыландырылатындықтан, негізгі назар қолда бар ресурстарды тиімді ұйымдастыруға аударылуы тиіс. Бала ата-анасы талон ала алмағаны немесе ұзақ кезекте тұрғаны үшін қажетті көмексіз қалмауы тиіс.

Ақмарал Әлназарова облыстар әкімдерінің орынбасарлары мен бейінді басқармаларға денсаулық сақтау, білім беру басқармалары, медициналық ұйымдар және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды. Ата-аналар әлеуметтік желілерге жүгініп, шағым жазғанша күтпей, жергілікті басшылар мұндай мәселелерді дер кезінде анықтап, шешуі тиіс.

Кеңес қорытындысы бойынша бұл мәселені ерекше бақылауға алу жүктелді, ал Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды мониторингілеуді жалғастырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале