15.08.2026, 19:00
Оқылды: 14

Қазталов: Қадыровтар отбасы облыстық байқауда марапат иеленді

Орал қаласындағы «Достық үйінде» отбасы құндылықтарын дәріптейтін дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, үздіктерді марапаттау рәсімі өтті.

image-15-08-26-11-54

Салтанатты шараға өңірдің әр ауданынан келген өнегелі отбасылар қатысып, өздерінің тағылымды тәжірибесімен бөлісті.

Байқауда Қазталов ауданы Қараөзен ауылдық округінің Қадыровтар әулеті бақ сынап, облыстық кезеңнің алғысхатымен және 100 мың теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.

Білім мен еңбекті, мәдениет пен салауатты өмір салтын ұштастырған бұл әулет ауылдың қоғамдық және мәдени өміріне белсене араласып, ұлттық құндылықтарды кейінгі буынға аманат етіп келеді.

Әдемі Жасұланқызы,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале