Жалпақтал ауылындағы «Ертегі», «Балдәурен» бөбекжайлары мен Ғинаят Молдашев атындағы мектеп базасында облыстық тамыз кеңесі аясындағы секция жұмыстары өтті.

«Мектепке дейінгі тәрбиенің стратегиялық бағыттары: сапалы білім, тұрақты даму және тұлға қалыптастыру» атты іс-шараның негізгі мақсаты – сапалы білім беруді қамтамасыз етіп, баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату.
Бағдарлама аясында қатысушылар «Үздік тәжірибе – жүйелі жұмыс кепілі» атты педагогикалық көрмені тамашалап, цифрлық платформалар мен жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерін сынақтан өткізді. Стратегиялық алаң барысында 2026-2027 оқу жылындағы тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, мемлекеттік бақылау, көшбасшылық және жұмысқа «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.

Берері мол іс-шара соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, үздік нәтиже көрсеткен педагогтер марапатталды.
Қыдыр Харесұлы,
Қазталов ауданы