18.08.2026, 9:15
Оқылды: 11

Кітапсүйер оқырман бас қосты

Аудандық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен “Сынған тағдырлар, сөнбеген үміт” атты Халед Хоссейнидің шығармашылығына арналған кітапсүйер оқырман отырысы өтті.

d7c1de70-9c56-4200-be4a-68d669d10655

Басқосуда танымал ауған-америкалық жазушы Халед Хоссейнидің “Мың ғажайып күн”, “Батпырауық қуған бала” және “Таулар жаңғырығы” атты шығармалары талданды.

Кездесу барысында әйгілі жазушының өмірбаянына шолу жасалып, әр кітаптың  мазмұнына тоқталып, терең талданды. Әдеби кеште автор шығармашылығындағы достық, отбасы, махаббат, соғыс, ауған әйелдерінің тағдыры қозғалып, жиналғандар өз ойымен бөлісіп, кітаптан алған әсерін жеткізіп, пікір алмасты.

611c53e4-0b9e-4a0b-b1eb-dee76bdbb402

“Батпырауық қуған бала” шығармасында Әмір мен Хасан есімді кейіпкерлердің тағдыры оқырманды достық, адалдық, ар-ұят және жауапкершілік туралы ойлануға жетелесе, “Мың ғажайып күн” туындысында Мәриям мен Ләйлә есімді әйел адамдардың басынан кешкен оқиғалары арқылы олардың қоғамдағы орны, өмірлік қиындыққа төтеп беру жолдары қозғалады. Ал “Таулар жаңғырығы” кітабында отбасы мүшелерінің бір-біріне деген байланысы, айырылысу, сағыныш пен өмір жолдарының тоғысуы баяндалған.

1ed5b9a3-9b9b-4cb1-976d-6da26b6b6887

Әлем әдебиеті көрнекті өкілінің кітаптары оқырманға ерекше әсер сыйлап, кейіпкерлердің тағдыры ешкімді бейжәй қалдырмады. Талданған туындыларда адам тағдырының сан қыры бейнеленеді.

Халед Хоссейни шығармашылығы бейбітшіліктің, еркіндіктің, достықтың қадірін, отбасы маңызын ұғындырып, адам өміріндегі сенімді жоғалтпай, үміт отын сөндірмеуге шақырады.

606ce0b7-cfdc-4043-b5e6-bd3837369a06

Оқырман кездесу соңында алдағы уақытта өзге де кітаптарды талқылауға ұсыныс жасап, осындай жүздесулердің көп ұйымдастырылуын тілге тиек етіп, ойларын ортаға салды. Кітапхана ұжымы әдеби кездесу соңында барша қатысушыларды кітап оқуға шақырды.

-Мемлекетіміз бізге жасап отырған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, кітап оқуға, білімді ұрпақ тәрбиелеуге атсалысайық. Кітапханамызда ол үшін барлық жағдай жасалған,-деді аудандық ОКЖ басшысы Айгүл Кайрова.

 

А. Қаламқас

Теректі ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале