18.08.2026, 10:15
Оқылды: 9

Ақжайықтағы спорт күні

Қазақстанда Спорт күні тамыз айының үшінші жексенбісінде тойланады. Бұл мереке елде салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және спортшылардың еңбегін бағалау мақсатында атап өтіледі. Түрлі жарыстар мен марафондар ұйымдастырылады.

81313498-c1cc-411c-a2e3-778fc7282207

Осыған орай Ақжайық ауылдық округінде спорт күні және жастар күніне арналған спорттық мерекелік кеш ұйымдастырылды. Атаулы шара спорттық шаралармен басталды. Орталық алаңда түрлі спорт түрлері, яғни атап өтсек садақ ату, кермеге тартылу, қол күресі және арқан тартыс оздырылды. Сонымен қатар орталық алаңда нағыз энергия серпіні, салауатты өмір салтын қолдаушылардың басын қосқан ауқымды фитнес-флешмоб өтті. Отыздан астам қатысушы ортақ ырғақпен қозғалып,  ауыл тұрғындарына ерекше көңіл-күй мен сергектік сыйлады. Бұл шараға ауыл тұрғындары мен жастары белсенді түрде қатысып, әр сайыс жеңімпаздары алғысхат және сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік шара әрмен қарай Ақжайық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Алғашында Ақжайық ауылдық округі әкімі Б.Кадыралиев сөз сөйлеп, тұрғындарды қос мерекемен шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ ауылымыздың көркеюіне зор үлесін қосып жүрген белсенді жастар ауыл әкімінің марапатына ие болды.

Кеш соңы ауыл тұрғындарына арналған мерекелік отшашумен аяқталды.

Дамир МҰРАДЫМОВ

Теректі ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале