18.08.2026, 19:00
Оқылды: 45

Қайтарылған активтер қаражатынан спорттық жобаларға 67,5 млрд теңге бөлінді

Қайтарылған активтер қаражаты есебінен спорттық жобаларға 67,5 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР Үкіметі.

200c115b-2a38-43b6-a7a0-7b0bb04f351d

Фото: KZgovernment

Арнаулы мемлекеттік қордан спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша барлығы алты жобаны қаржыландыру мақұлданды.

Аяқталған нысандардың қатарында Көкшетау қаласындағы көпфункционалды спорт кешені бар. Бұл нысан оқу-жаттығу процесі мен өңірлік және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге толықтай бейімделген. Кешенде жекпе-жек пен ойын спорт түрлеріне арналған әмбебап залдар жұмыс істейді, заманауи тренажерлер орнатылып, тұрғындар мен спортшыларға қажетті барлық жағдай жасалған.

Сонымен қатар Ақмола облысының Зеренді ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Ал Астана қаласында қайта жаңарту жұмыстарынан кейін аты аңызға айналған Қ. Мұнайтпасов атындағы стадион есігін ашты, сондай-ақ елордадағы «Қазақстан» спорт сарайын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале