18.08.2026, 19:30
Оқылды: 6

Шыңғырлау: «Жастар тәжірибесімен» 36 жас, ал «Қоғамдық жұмысқа» 109 адам жолданды

Халықты жұмыспен қамту және азаматтардың еңбек нарығындағы белсенділігін арттыру мақсатында Шыңғырлау ауданының мобильді мансап орталығы жүйелі түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.

image-18-08-26-07-37 (2)

«Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-ның медиа-жоспарына сәйкес мамандар ауылдық округтерді аралап, «Қоғамдық жұмыс» пен «Жастар тәжірибесі» бағдарламаларының қалай ұйымдастырылып жатқанын тікелей бақылады.

Тексеру барысында жасалған шарт талаптарының сақталуы, жұмысқа қабылданған азаматтардың еңбек ету жағдайлары және жұмыс берушілердің міндеттемелерді орындауы жан-жақты зерделенді. Бұл мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Іс-шара барысында аудандық мансап орталығының директоры Бауыржан Наурызалиев ауыл тұрғындарымен кездесіп, мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты, оған қатысу тәртібі мен артықшылықтары туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

image-18-08-26-07-37 (4)

Мұндай мониторинг жұмыстары мемлекеттік қаржының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз етіп, еңбек қатынастарының қатаң түрде заң аясында жүзеге асуына ықпал етеді.

Қазіргі таңда аудан бойынша «Жастар тәжірибесі» арқылы 36 жас жұмыспен қамтылса, «Қоғамдық жұмыс» орындарына 109 адам жолданып, еңбек етіп жатыр. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Сара Әділ,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале