20.08.2026, 17:15
Оқылды: 41

Ардагер ұстаздың үйіне тақтайша ілінді

Махамбет Қожамұратов — 80 жастың сеңгіріне шыққан ардагер ұстаз.

Ардагер ұстаздың үйіне тақта орнатылды

Ұзақ жыл бойы шәкірттерге сапалы білім берген ол бүгінде үйде бос отырмай, орталық кітапханаға жиі баруды тұрақты әдетке айналдырған.

Яғни, Махамбет Шалабайұлын жерлестері кітапхананың тұрақты қонағы, құрметті оқырманы ретінде қадір тұтады.

Қазақ қаламгерлерімен бірге орыс, шетел қаламгерлерінің шығармаларын сүйсіне оқитын ардагер ұстазбен аудандық білім беру бөлімінің ұжымы да тығыз байланыс орнатқан.

Ең бастысы білім саласындағы қызметкерлер ардагер ұстаздардың хал-жағдайларын біліп отыруды негізгі жоспарларына енгізген.

Соның айқын дәлеліндей, Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов ардагер ұстаз М.Қожамұратовтың шаңырағының маңдайшасына арнайы тақтайша қондырып, құрмет көрсетті.

Ардагер ұстаздарға аудандық білім беру бөлімі тарапынан көрсетілер құрмет жалғаса бермек.

Мүсірбек АЙТАШЕВ

Сырым ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале