21.08.2026, 10:15
Оқылды: 19

ТЖМ қызметкерлері БҚО-да екі тұрғын үйдегі өртті сөндірді

«112» пультіне Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылындағы жеке тұрғын үйлерде өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті.

Screenshot_20260821_085822~2

Ауыл ең жақын өрт сөндіру бекетінен шамамен 20 км қашықтықта орналасқан.

Бөлімшелер келген кезде Жастар алаңы көшесінде орналасқан екі екіпәтерлі тұрғын үйдің, шаруашылық құрылыстардың және үйлердің бірінің ауласында сақталған шөптің жанғаны анықталды.

Өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы орган, ҰҚК Шекара қызметі және Полиция департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Screenshot_20260821_085817~2

Өрттен тұрғын үйлері зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Жәнібек ауданының жергілікті атқарушы органы уақытша тұру үшін тұрғын үй беруді ұйымдастыруда.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Суреттер видеодан скрин

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале