23.08.2026, 7:38
Оқылды: 77

Оралда Ұлттық ұлан сарбаздары алғашқылардың бірі болып дауыс беріп жатыр

Орал қаласындағы ҚР Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің сарбаздары таңғы сағат 06:00-де ашылған №479 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасап жатыр.

cb379669-2bed-47d6-9260-95fdf48a85dd

Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар елдегі маңызды саяси науқанға алғашқылардың бірі болып дауыс беруде. Бұл ретте Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің басты міндеттерінің бірі – қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Осыған байланысты әскери қызметшілер азаматтық міндетін ерте орындап, сайлауда өз таңдауын білдіріп жатыр.

Дауыс беріп болғаннан кейін сарбаздар Орал қаласындағы қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік қызметке кіріседі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале