23.08.2026, 10:15
Оқылды: 33

Бөрлі ауданында Құрылтай сайлауы қарқынды өтуде

Бөрлі ауданында  33 сайлау учаскесі бар. Барлық учаскелер өз жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады. Биыл №91 сайлау учаскесі Қызылтал шағынауданында орналасқан спорт кешеніне көшірілді. Осыған дейін аталған учаске Қызылтал ауылдық клубында орналасқан еді.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 11.12.51 (1)
№91 сайлау учаскесі өз жұмысын сағат 07:00-де ҚР-ның Гимнімен бастады. Ең алғашқы болып дауыс берген Алтынбек Габдулгазизовке комиссия төрағасының орынбасары Меңдібай Утегенов арнайы сыйлық табыстады.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 11.12.50
№91 учаскеге таңмен таласа дауыс беру үшін келген халықтың қарасы қалың. Тұрғындар еліміздің болашағы үшін өз таңдауларын жасауда. Комиссия мүшелері кішкентай бүлдіршінімен келген аналарға, ұлттық киімімізді дәріптеп жүрген тұрғындарға арнайы сыйлықтар беруде.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 11.12.51
Солардың бірі - халықтық “Ақ жаулықты әжелер” ансамблінің мүшесі Бақыт Ахметова. Бақыт әже еліміздің дамуы үшін өз таңдауын жасағанын айтады.
- Мен елімізде өтіп жатқан сайлаулардан ешқашан қалған емеспін. Сайлауға қатысу - менің азаматтық парызым деп есептеймін. Тұрғындарды да сайлауға қатысып, еліміз үшін маңызды кезде өз дауыстарын беруге шақырамын, - дейді Қызылтал тұрғыны Бақыт әже.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 11.12.51 (2)
Бүгінгі Құрылтай сайлауына 18 жастағы Аружан Бирниязова да келіп, өз таңдауын жасады. Алғаш рет дауыс берген Аружанға комиссия мүшелері арнайы сый-сияпаттарын табыстады. Аружан Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Университетінің Шет тілі: екі шет тілі мамандығының 2-курс студенті.

Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале