25.08.2026, 11:30
Оқылды: 10

2027 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 30,2 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде қалыптастырылған 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының негізгі параметрлері туралы айтты.

5217449018064051692

2027 жылы түсімдер 25,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге қатысты 12,9% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 2,3% деңгейінде болады деп жоспарланған. Шығыстардың жалпы көлемі биылғы жоспармен салыстырғанда 2,5 трлн теңгеге ұлғаяды.

«Ұлттық қордан аударылатын кепілдендірілген трансферт 2,4 трлн теңгені құрайды. Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт - 2 трлн теңге, бұл қаражат негізінен аса маңызды нысандар мен жалпыұлттық маңызы бар жобаларға жұмсалатын болады. Бюджетті қалыптастырудың маңызды ерекшелігі: шығыстар өсуін жабу ғана емес, ресурстарды ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерді орындауға, экономиканы, өңірлерді және адами капиталды дамытуға бағыттай отырып, бюджет қаражатының әрбір теңгесінен түсетін табысты арттыруда жатыр», — деді Мәди Такиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале