ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін және жөндеу науқанының уақтылы аяқталуын тапсырды.

Фото: KZgovernment
Премьер-министрдің айтуынша, биыл энергия нысандарын жөндеу мен жаңартуға 851 миллиард теңге көзделген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға артық. Оның ішінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында биыл шамамен 384 миллиард теңге бөлінді (2025 жылғы көрсеткіштен 15%-ға көп).
Үкімет басшысы Мемлекет басшысының бұл салаға ерекше мән беріп отырғанын айтып, осындай ауқымды қаржыландыру жағдайында жөндеу мерзімдерін ауыстыруға, жұмыс қарқынын бәсеңдетуге және қаражаттың игерілмей қалуына мүлдем жол беруге болмайтынын қатаң ескертті.