ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, 25-30 тамыз аралығында Польшаның Познань қаласында өтетін байдарка мен каноэде ескек есуден ересектер арасындағы 51-ші әлем чемпионатында 15 отандасымыз бақ сынайды.

Фото: DRSQazaqstan
Бұл дүбірлі додада байдаркамен ескек есу бағдарламасы бойынша Бекарыс Раматулла, Дмитрий Холмогоров, Артём Терещенко, Игорь Ряшенцев, Жахонгир Жамедов, Денис Кленин, Эвелина Костенко, Татьяна Токарницкая, Ольга Шмелёва, Стелла Суханова және Татьяна Гладкова ел намысын қорғаса, каноэ шеберлері арасында Мария Бровкова, Ульяна Киселёва, Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов өнер көрсетеді.
Ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов құрамада тәжірибелі жүлдегерлермен бірге жас спортшылардың да бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, Түркістанда өткен Азия чемпионатында өзін жақсы қырынан көрсеткен Татьяна Гладкова үшін бұл ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты болмақ.
Бұл жарыс қазақ ескек есу шеберлері үшін күзде Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңі саналады.
Сонымен қатар спортшылар Лос-Анджелес 2028 Олимпиадасына рейтингілік ұпайлар жинайды. Тұғырлы сында ерлер мен әйелдер арасында барлығы 24 жүлде жиынтығы сарапқа салынбақ.