31.03.2017, 19:44
Оқылды: 23

22 адам жұмысқа орналасты

Жаңақалада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде  ауылдық округтер мен аудандағы мекемелерден 50-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды.

Бұл жолы кәсіптік мамандармен қатар жоғары және арнаулы орта білімі бар мамандарға сұраныс жоғары екені байқалды. Әсіресе денсаулық сақтау, білім беру саласының мамандары қажет-ақ. Шарада жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің тікелей жүздесіп, бос орындар туралы ақпарат алмасты.

-Менің мамандығым - акушер-гинеколог. Биыл Қазақстан-Ресей медицина университетін тәмамдадым. Жәрмеңке барлық санаттағы азаматтарға есептелген, жас бойынша шектеу жоқ. Адамдар осы жерде жұмыс таба алады, өйткені бос орындар көп, таңдауға мүмкіндік бар, -дейді Жаңақала ауылының тұрғыны Нұрсая Суталиева.

Айта кетейік, жәрмеңкенің қорытындысы бойынша барлығы 22 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 10 адам тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алса, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 9 адам жастар практикасы бойынша жұмысқа жолданды. Ал 2 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.  Айта кетейік, жыл соңына дейін осындай 3 жәрмеңке өткізілмек.

Н.ЕСЕТОВА,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале