27.08.2026, 10:15
Оқылды: 24

БҚО-да жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиында 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы туралы» заң жобасы және алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.
785943836_18641787781028162_2690060280171713114_n
Отырысқа облыс әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режимде қатысты. Батыс Қазақстан облысының 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жобасы тиісті қағидаларға сәйкес әзірленіп, қажетті ақпараттар жинақталуда. Жоба 15 қыркүйекке дейін бюджет комиссиясына, 1 қазанға дейін облыс әкімдігіне енгізіледі. Мақұлданғаннан кейін тиісті құжат мәслихаттың қарауына ұсынылады.
785943836_18641787781028162_2690060280171713114_n — копия
Қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4,9%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,3%-ға өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 17,3%-ға артып, 265,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар ішкі сауда мен жұмыспен қамту бағыттарында да тұрақты даму қарқыны байқалады.
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен қатар, өңірде 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары да жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда әлеуметтік нысандардың әзірлігі 96%-ды құрады. 2 320 көппәтерлі тұрғын үй тиісті дайындық жұмыстарымен қамтылды. Бюджеттік ұйымдарға қажетті көмірдің 95%-ы жеткізілді.
Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дайындау бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, электр желілерінде 947 шақырым, газ желілерінде 358,7 шақырым, жылу желілерінде 15,6 шақырым, сумен жабдықтау және су бұру желілерінде 9,5 шақырым жұмыс орындалды.
786442451_18641787802028162_8614111457656402129_n
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімі жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды және анықталған мәселелерді жедел шешуді тапсырды. Сондай-ақ жергілікті жауапты құрылымдар мен басқарма басшыларына әлеуметтік нысандардың, тұрғын үй қорының және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның қысқы кезеңге толық әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале